Excel программасында жобалық жұмыс

III бөлімде (электрондық кестелерде ақпаратты өңдеу) алған теориялық және практикалық білімді жүйелеу мақсатында жобалық жұмыс орындалады. Жоба жеке немесе жұппен таңдалған тақырып бойынша орындалады; теориялық материалды ұсынумен қатар нақты программалық өнім (Excel үлгісі) дайындау міндетті.

№Жоба тақырыбы
1Excel программасын тұрмыста қолданудың тиімді жолдары
2Бізді қоршаған диаграммалар
3Сызықтық, параболалық, гиперболалық функциялар графигі
4Сызықтық теңдеулер жүйесін шешу
5Excel-де тест жасау
6Білім сапасын бағалауда Excel қолдану
7Физика зертханалық жұмыстарында есептеу дәлдігін арттыру
8Қолданбалы математика есептерінде Excel қолдану
Жобаны қорғау
Тақырыппен таныстыру; таңдау себебін түсіндіру; мақсат пен міндеттерді айқындау; пайдаланылған құралдарды атау; жоба барысындағы ойларды бөлісу; жаңа білім мен дағдыны айту; қорытындымен таныстыру; тыңдаушылар пікірін қабылдай білу.
Бағалау өлшемдері
Өз бетінше орындалуы; тақырыптың өзектілігі; мәселені ашу деңгейі; ұсынудың өзіндік жолы; қорғаудағы шеберлігі; техникалық құралдарды қолдана білуі; сұрақтарға нақты жауап бере алуы.

Рефлексиялық есеп сұрақтары: Неге бұл тақырыпты таңдадым? Нені үйрендім? Ақпаратты қалай іздеп, өңдедім? Теория мен практиканы қалай ұштастырдым? Не оңай, не қиын болды? Жобаны қайта орындасам, қалай толықтырар едім?